Жалдама жалпы білім беретін мектебінің тәрбие саласы бойынша
жылдық жұмысының қорытындысы
Жалдама жалпы білім беретін мектебінің 2023-2024 оқу жылының басында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша тәрбие жоспары құрылды. Мектеп тәрбие саласы осы жоспар бойынша жұмыстар атқарып келді. Оқу жылының алғашқы күні 1 қыркүйекте «Мектеп мейірім мекені» тақырыбында білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Амангелді аудандық Аманат партиясының бірінші орынбасарлары Марал Мұратбекұлы, Назгүл Байдүйсенбайқызы қатысып жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім күні сынып сағаттарымен жалғасты.
I тоқсан бойынша 5 қыркүйекте қазақтың бір туар тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан Жұмабаев заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Мектебіміздің 8,9,10,11 сынып оқушылары қатысып, деңгейлері сараланып, сауттылығы тексерілді. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері: Асанова Зина Сұлтанқызы, Өміржанова Лунара Ғалымбекқызы.
8 қыркүйекте мектеп дене шынықтыру мұғалімдерінің жетекшілігімен «Дене минуты – салауатты өмір салтын насихаттау» республикалық челленджі өтті. Бұл іс шараның мақсаты балалардың өмірінде салауатты өмір салтын насихаттау. Денешынықтыру пән мұғалімі: Мыржақымова Гүлден Молдашқызы.
Мектебімізде ұлағатты ұстаз Сандуғаш Төлегенқызын «Ұстаз аты мәңгілік» атты зейнеткерлік демалысқа шығарып салу кеші өтті. Кешке арнайы Аманкелді білім бөлімінің басшысы Мұрат Сембайұлы, ұстаздың замандастары, достары және әріптестері қатынасты. Кеш барысында құттықтаулар, тұщымды ойлар мен естеліктер айтылып, әндер орындалды.
1 қазан қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында 10 сынып оқушылардың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті. Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ән жырларын, билерін тарту етті. Іс шараға қонақ болып ауылымыздың ата әжелер қауымы келіп ақ баталарын берді. Сынып жетекшісі: Өміржанова Л.Ғ
Мұғалімдер күні қарсаңында «Дублер күні» ұйымдастырылды. Мектептегі өзін өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында шараны 9-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Сонымен қатар мұғалімдер мен жас пікірсайысшылар арасында «Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында пікірсайыс өтті. Оқушылар патриот болудың түрлерін ортаға салып, талқылады. Әр оқушы өз пікірлерін еркін жеткізіп, ұжымдық шешім қабылдады. Жетекші: Исабаев Алдияр Өтемісұлы
5 қазан мұғалімдер күніне 6 сынып оқушылары мерекелік іс шара өткізді. Мерекелік кеште оқушылар ұстаздарына деген өз ілтипаттарын әнмен, бимен, түрлі өлең шумақтарымен жеткізді. Сынып жетекшісі Каримова Аяжан Сакенқызы.
15 қазан күні мектепшілік Ыбырай Алтынсарин ұстазымыздың құрметіне «Даналық дара ұстазы» тақырыбында 3-4 сынып оқушылар арасында мәнерлеп оқу кеші өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, кеш соңында әділ қазылар оқушыларды марапаттады.
19 қазан күні мектебімізде 5-8 сынып аралығындағы оқушылардың қатысумен «Алтын күз» мерекесі өтті. Әр сыныптан бір бір жұптан қатысты. Оқушылар қызығушылықтарын танытып, әр сайысқа зор үлес қосты. Қатысқан жұптар жүлделі орындармен марапатталды.
Мектебімізде 2-3 сыныптар арасында 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты — оқушылардың өз Отанын шексіз сүюге, құрметтеуге, Отанына, еліне адал қызмет етуге, туған тілді, тарихты білуге үйрету.
24 қазанда мектебімізде 25 қазан Республика күні ұлттық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Мәнерлеп өлеңдер оқылып, домбырамен күй ойнатылып, оқушылар Отан туралы әндерін шырқады. Сынып жетекшісі: Мыржақымова Гүлден Молдашқызы.
Күзгі демалыс уақытында мектебімізде 6-сынып қыздары арасында “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі”-атты қыздар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз баласының сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.Сынып жетекшісі: Каримова А.C
Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылдығына орай «Қожа Ахмет Ясауидің хәл хикмет ілімі» тақырыбында 6-7 сынып оқушылары эссе жазды. Тарих пән мұғалімі: Таубаева Ж.Қ
II тоқсан ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ аясында «Алтын сақа» олимпиадасына жоспар құрылып, жұмыстар атқарылды.
13 қараша күні сыныптарда сағаттары өтті. Мақсаты:*Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылықтарын ояту.
15қараша «Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында, ұлттық спорт түрлері бойынша (асық ату) шебер сыныпты анықтау үшін «Алтын сақа» сайысы өткізілді. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, асық ойыны бойынша мықтылар анықталды.
13 қараша «ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ аясында 8-11сыныптарда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық,туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру, оқушыларна бұзақылық істерге бармауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болуға ықпал ету. Біз жолда қауіпсіздік болғанын қалаймыз!
17қараша «ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАУІПСІЗДІГІ АПТАЛЫҒЫ» республикалық акция аясында 6-11 сыныптар аралығында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Амантоғай ауылдық округінің участкелік инспекторы, полиция капитаны Дастан Аманжолұлымен «Айқын бол» атты шара барысында мектеп оқушыларының жолда жүру кезінде сақ болуға, жаяу жүргіншілер жүретін жолақпен өтуге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
20 қараш мектебімізде қараусыздықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстардың, балаларға қатыгездіктің, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың алдын алу мәселелері бойынша дәрістер өтті. 21қараша «Алтын сақа» олимпиадасына байланысты, суреттер байқауы және асықтар көрмесі өтті. 1-11 сынып оқушылары белсене қатысты.
Ұйымдастырушы мектептің аға тәлімгері және сынып жетекшілері!
Мектебімізде 20 -шы қараша күні «Мұрагер» дебат клубы мүшелерінің қатысуымен 9 сынып оқушылары арасында «Зорлық — зомбылықсыз балалық шақ»тақырыбындадебат өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз құқығы туралы білу.
Жоспарға сәйкес мектебімізде «Алтын сақа» олимпиадасына байланысты іс шаралар жалғасын тапты. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Асқар Рамазанның ұйымдастыруымен «Асық ату» асық ойындары бойынша жарыс өтті. Жарысқа 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Денешынықтыру пән мұғалімі: Гүлден Молдашқызы 6- сынып оқушылар арасында “Бес тас” ойынын ұйымдастырды.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің 3 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік туы, желбіре!» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Мектебімізде желтоқсанның 27-28 күндері 1-11 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп шырша құрылды.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 9-11-сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
2023жылдың 29желтоқсанынан 2024жылдың 7қаңтар аралығында Оқушылардың қысқы демалыста бос уақыттарын
тиімді пайдалану мақсатында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Үнемі оқитын адам — табысты адам” тақырыбында мектебіміздің
кітапханасымен бірлескен “Біз кітап оқимыз! “ тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен дөңгелек стол өтті. Кітапханашы: Осипова Лена
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген кұрмет, сүйіспеншіліктіқалыптастыру, дамыту.
III тоқсан бойынша 26 қаңтар күні «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру шеңберінде білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту,креативті және сыни ойлауын дамыту мақсатында «Қазақ есебі» челленджі өтті. Челленжге 7-8 сынып оқушылары қатысты. Қатысқан оқушы саны -8. Жүлделілер мен қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.
Қаңтар айында мектепалды даярлық тобында “ Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жоспары бойынша, “Балалар кітапханасы” жобасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханасымен ұйымдастырылған “Мақал сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы” мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды білуге арналған оқу іс-әрекеті ұйымдастырылды. Шараға оқушылар өте жақсы қатынасты. Ақпан айында «Сырласу» қыздар ұйымының жетекшісі: Лунара Ғалымбекқызының ұйымдастыруымен 6-11 сынып қыздар аралығында «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Қыздар жиналысының мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу. Сонымен қатар жоспарға сәйкес ұлдар жиналысы өтті.
Тақырыбы: «Интернет ойындарының қауіпті тұстары». Оқушыларға онлайн ойындардан болатын негізгі қауіп-қатерлер ескертіліп, олардан сақтану туралы түсіндірілді. Ұйымдастырушы ұлдар ұйымының жетекшісі Алдияр Бектемісұлы. Мектептің жұмыс жоспарына сай және «Үндестік» облыстық жобасы аясында «Бала тәрбиесі ортақ мәселе» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста баяндама оқылып, ата аналармен тренинг өткізілді. 29 ақпан күні мектебімізде 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай өткізілетін іс-шаралардың жоспары аясында тарих панінің мұғалімі Дархан Қайыржанұлы «Тарих ғибраты» атты алғыс тақырыбына арналған сабақ өткізді. Мақсаты: Репрессия мен саяси жер аудару жылдарында біздің халқымыздың көрсеткен мейрімділік пен кенпейілділік, қолда барымен бөлісу, көмек керсету сынды рухани адами кұндылықтары мен дәстурлері туралы мағлұмат беру, жас ұрпақы мейірімділікке, ризашылык пен алғыс, жақсы тілек пен ізеттілікке, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге тербиелеу. Наурыз айында мектеп тәлімгері Алдияр Бектемісұлы және «Мектеп парламенті» ұйымының ұйымдастыруымен «Алғыс айту-парызым» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Атап айта кетсек сынып сағаттары, оқушылардың ұйымдастыруымен челлендж, суреттер мен кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Төрт тоқсан – төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Ұлттық өнер» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп оқушылары қолөнер шеберліктерін ашып, түрлі бағыттағы шығармашылық бұйымдарын ұсынды. Көрменің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашу, мәдениет пен өнер арқылы әсемдік әлемімен таныстыру, оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейту, дәстүрлі ұлттық өнер мен халық өнерінің әртүрлі түрлеріне қызығушылықты дамыту. Ұйымдастырушы: көркем еңбек пән мұғалімі Лена Асылханқызы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта 4 наурыз күні мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылар арасында волейбол ойыны өтті. Оқушылар ойынға белсене қатысып шеберліктерін көрсетті. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 3-сыныптың ұйымдастыруымен «Менің анам ең сұлу адам» атты мерекелік іс шара өтті. Шарада ән айтылып, ойындар ойнатылып, аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.Сынып жетекшісі Тоғжан Сарқынтайқызы Және осы тақырыпқа сай сыныптарда ата аналардың қатысуымен сынып сағаттары өткізілді. 14 наурыз -Көрісу күніне орай, мектебіміздің 10 сынып оқушылары» Амал келді, жыл келді» тақырыбында көрісу күнін өткізді. Оқушылар ыстық бауырсақ таратып, сұрақ жауап ойындарын өткізді, мектеп жылы лебіздерін білдірді.
Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу, қазақ халқының ұлттық құндылығын насихаттау, көрісу күні туралы түсінік беру. Мектебімізде, Наурыз мерекесін атап өту мақсатында «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мектептің барлық оқушылары екі топқа бөліне отырып, ата-аналар мен оқушылар бірігіп қазақы сат-дәстүрлерді насихаттай отырып, қойылымдар қойып, ән айтып, биден шашу шашты. Ұлттық тағамдар көрмесі жасалып, ұлттық ойындар ойналды.
IV бойынша 3 сәуірде мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 5 — 11 сынып оқушылар арасында «Дені сау ұрпақ — ел болашағы» тақырыбында мектеп медбикесі З.Қ.Ерғабыловамен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану мен тынығу жолдары, түрлі жұқпалы аурулардан сақтану кеңестер берілді. Мектеп психологы сәуір айының 5 күні білім алушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру, оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Ең жаман қиянат-адамның жаман ойы» тақырыбында тренинг өткізді. Оқушылар белсене қатысып, сұрақтарына жауап алды. 11 сәуірде дене шынықтыру пән мұғалімінің ұйымдастыруымен “9 айға 9 іс-шара” тұжырымдамасы аясында, “Шахмат ойнау” челленджі өтті. Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. 19 сәуірде физика пән мұғалімі А.С.Каримова «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар «Жас техник» байқауын өткізді. Байқауға 9,10,11 сынып оқушылары өнертабыстарын көрсетіп, өз идеяларын ортаға салды. Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті. Оқушылар өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшілікке мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Ұйымдастырған 2 сынып жетекшісі Н.Ғ.Аубакирова. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне және «Ұлы Жеңіс мерекесіне 78 жыл» толуына орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны — 2024» байқауы өтті. Мақсаты:
Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Оқушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сайысқа қатысушы сұлтандар өздерін бірінші бөлімде таңыстырып, өнерлерін көрсетіп, үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын сипаттап, сұрақтарға жауап беріп жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар мереке қарсаңында салтанатты жиын өтті. Іс шарада патриоттық әндер шырқалып, оқушылар өз өнерлерімен мерекенің ажарын аша түсті.
«Таза Қазақстан» челленджі. 8-11 сыныптар арасында мектеп ауласында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар ағаш отырғызып, сенбілік жасады.
Соңғы қоңырау салтанаты өтті. Салатанатты жиын өз дәрежесінде өтіп, оқу жылын қортындыладық. Сонмен қатар 14 шілде күні мектебіміздің бітіруші түлектеріне және 9 сынып оқушыларына аттестат тапсыру рәсімі өтті. Шара барысында мектеп бітіруші түлектер ұстаздарына алғыстарын жеткізіп, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Жыл бойы тәрбие саласы бойынша жасалынған жұмыстардың реті осылай. Биылғы оқу жылына негізгі тапсырма кеткен кемшіліктермен жұмыстар жасалып, алға қойған мақсаттарға жету.