Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

1979 жылы 1 қыркүйекте Амантоғай ауданының орталығында бастауыш мектеп ашылып, онда 64 оқушы қамтылды.

1979 – Алғашқы бастауыш мектебінің меңгерушісі – Джурагатова Бахыткуль Мубараковна. Бахыткуль Мубараковна бастауыш мектепте басшы болып 1 жылға жақын қызмет атқарды. Сол 1979 жылы Гайдина Зоя Николаевна 8 жылдық мектептің директоры болып тағайындалып, осы қызметті 1 жыл яғни, 1980 жылға дейін абыроймен атқарды. 1980 жылы мектептің басшылық қызметіне қайтадан Джурагатова Бахыткуль Мубараковна тағайындалып, отбасылық жағдайына байланысты 1 жыл қызмет істеді. 1980 жылдың тамыз айынан бастап 8 жылдық мектеп болды. Мұнда бірінші жылы 142 оқушы оқып, білім алды. Осы кезеңде мектебімізде Бахыткуль Мубараковнамен бірге көптеген өзге ұлт өкілдері қызметтес болған. 1981 жылы мектебімізе уақытша директор болып Шмыгля Вера Евгеньевна жұмыс жасады. Бұл кісі Мәскеудегі Герцен атындағы педагогикалық институтын бітірген, мамандығы химик-биолог. Вера Евгеньевна 1 жылға таман қызмет жасап, директорлық қызметті Жуматаева Бахыт Жуматаевнаға тапсырды. (1982-1985) Бақыт Жуматаевна директорлық қызметті алғаш атқарған жылдары 8 жылдық екі қабатты мектеп еді. Амантоғай ауданы жыл өткен сайын көркейіп, дамып үлкен аудан орталығына айналды. Сол уақытты халық санының  көбеюіне байланысты жаңа мектеп салу алдағы үлкен мәселе еді. Осы мәселенің оң шешімін тауып, орындалуына Бахыт Жуматаевнаның еңбегі зор.  1985 жылы Амантоғай 8 жылдық мектебінің директорлығына Жусупов Мергенбай тағайындалды. Мергенбай Жусупов 1 жыл 8 жылдық мектептің директоры болып, 1986 жылы құрылысы 2 жылға созылған 3 қабатты, типті еңселі мектеп үйі пайдалануға берілді. 1986 жылдан бастап Амантоғай 8 жылдық мектебі 10 жылдық Жалдама орта мектебі болып қайта құрылды. Осы уақытта мектеп басшысы ретінде Мергенбай Жусуповтың атқарға еңбегі ұшан-теңіз. 1987 жылы Жусупов Мергенбайдың орнына Касымова Калимаш Какимовна директор болып келді. Калимаш Какимовна 1 жыл директорлық қызмет атқарса да, көптеген істерге мұрындық болды. Мысалы осы  кезеңде орыс мектебінен қазақ мектебіне айналу процесі жүрді. Соның айғағы 1987 жылы 1 қыркүйекте 6 жасар бүлдіршіндерден 17 оқушы қазақ сыныбының 1-сыныбына қабылданды. 1988 жылы Бахыт Жуматаевна мектеп тарихында 2-ші рет басшылық қызметке келді. Бахыт Жуматаевна да Калимаш Какимовнаның ізін жалғап мектепті қазақтандыру процесін жүргізуге өзінше үлес қосты. Атап айтқанда 1989-1990 оқу жылында 1-9-сынып аралығында қазақша сыныптар қосылып, 400 оқушы білім алған. Оларға 39 ұстаз дәріс берген. 1990 жылы Амантоғай ауданы қайта ашылғанда мектептің басшылық қызметіне Әбдіхалықов Әбутәліп Әмірұлы келді. Оған дейін Әбутәліп Әмірұлы мектепте оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. Осы қызметті жоғары жауапкершілікпен атқара отырып 1993 жылы отбасылық жағдайына байланысты Қостанай қаласына қоныс аударған. 1993 жылы мектепке жаңа директор болып Молдасалыкова Гульбике тағайындалды.  Осы жылдары мектептегі бала саны да артып, пед кадрлар да көбейе бастады. Молдасалыкова Гульбике 2 жыл директорлық қызмет атқарып, 1995 жылы аталмыш қызметтен кетті. 1995 жылы Бахыт Жуматаевна директорлық қызметке 3-ші рет қайта оралды. Осы аралықта Бахыт Жуматаевнамен бірге Шаяхметова Бибизия, Альжанова Батес, Зауреш Кобентаевна, Спандирова Гайникен сынды ұстаздар қызметтес, әріптес болған. 1997 жылы Амантоғай аудандық білім бөліміне меңгерушілік қызметке тағайындалған соң, Бахыт Жуматаевнаның орнына Мінайдаров Төлеутай Ғалымбекұлы басшылық қызметке келді. Бұл қызметте ұзақ тұрақтамай 1998 жылы аудан жабылғанда директорлық қызметті Куралай Рахымбековнаға табыстады. 1998 жылы аудан жабылған, мектеп ауқымды күйден негізгі күйге түсіп бара жатқан кез еді. Халық үдере көшіп, бала саны азайып, мектеп жабылудың сәл-ақ алдында еді. Мектепті жабуға итермелеген процесс жылу жүйесінің болмауы еді. Осы мәселені жас директор Куралай Рахымбековна ата-аналар мен ұстаздар қауымын жұмылдыра отырып, екі сыныпқа 1 қазақы пештен салдыртып, жылу жүйесін қалпына келтіріп, мектепті жапқызбай, жұмысын жалғастыруына себепкер болды. Жыл өткен сайын қызметінде тәжібибе мен бедел жинай отырып, мектепті табандай 20 жыл басқарды. 2017 жылы зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты басшылық қызметті өзінің қызметтес-шәкірті, ұзақ жыл үзеңгілес басшылық қызметтерді (оқу-тәрбие ісінің орынбасары) бірге атқарған Сандуғаш Төлегенқызына табыстады. 2024 жылдан бастап мектеп басшысы Бекетов Мади Буркитбаевич қызметке келді. 2024 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Бекетов Мади Буркитбаевич  жемісті еңбек етіп келеді.