⚜ Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қазағымыздың қара домбырасы, алтын қазынасын жанына серік еткен мектебіміздің мұғалімдер ұжымы мен оқушылары республика көлемінде ұйымдастырылған домбырашылар челленджіне қатысты.
🎼Домбыраның күмбірлеген үні бір уақытта барлық білім беру ұйымдарында ойнады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізілген шара — еліміздің мәдени өмірі үшін елеулі оқиға.
🇰🇿 Челлендж өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, елдің мәдени мұрасын жалғастыруға, балалар арасында домбырада ойнауды насихаттауға бағытталған.