Мектебіміздің оқу ісі жөніңдегі орынбасары Тайкелдин Рауан Сиражденовичке «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасының сертификаты табыс етілді.
Бүгін Астанада «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» президенттік бағдарламасының 2024 жылғы түлектеріне сертификаттар табыс етілді.
Отандық білім берудің топ-менеджерлерінің негізгі тізіміне жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 376 үздік қатысушы енді.
Педагогтер конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ бірінші басшының бос орнына тағайындалады, сондай-ақ оларға «Жетекші-көшбасшы» біліктілік санаты берілді.
Өткен жылы бағдарламаның 207 алғашқы түлегіне сертификаттар табыс етілген болатын.
Айта кетейік, кеше бағдарлама қатысушылары арнайы өздеріне және олардың кәсіби дамуы мен көшбасшылығына арналған республикалық интенсивте бас қосты. Оқыту курстан кейінгі сүйемелдеумен жалғасады, тренерлер болашақ басшылардың кәсіби дамуының жүйелі мониторингіне дайын.